

МКМ кафедрасы 2013жылдың 1-ші қыркүйегінде құрылды. Оқытушылардың алғашқы құрамы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Сыдықов Е.Б. бұйрығымен ақпараттық жұйелер кафедасынан және де іргелі математика кафедрасынан ауысып келді.
Кафедраның алғашқы түлектері 2014 жылдың жазында болды.
Кафедраның алғашқы жылдары оның қарқынды өсуімен және оқытушылардың және студенттердің санының көбеюімен және де көптеген оқу зертханалардың құрылуымен есте қалды.Осы жылдары кафедра студенттерді даярлауда үлкен жұмыс атқарды.
Осы кезге дейін кафедра 5В070500 «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша оқытуды жүргізді; 6M070500 «Математикалық және компьютерлік моделдеу» бағыты бойынша магистранттарды дайындады. 2014-2015 оқу жылында кафедра Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің лицензиясын алып 2017 жылдан бастап Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша 6M070500 «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығына дайындық басталды . (Лицензия№ 0137482). 2018 жылдан бастап кафедра жаңа оқу бағдарламасы бойынша Бакалавр: 6B06105 "Математикалық және компьютерлік моделдеу", Магистратура: 7M06105 "Математикалық және компьютерлік моделдеу", Ph.D Докторантура: D06105 "Математикалық және компьютерлік модельдеу»
Кафедраның құрылғанынан бастап осы кезге дейін 130-ға жуық бакалавржәне 25-ке жуық магистр даярланды. Көптеген түлектеріміз оқуларын өзіміздің университеттің магистратурасында және шет елдердегі университеттерде мысалға: Мәскеу қаласындағы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де,Новосибирск қаласындағы НМУ-де,Санкт-Питербург қаласындағы СПМТИ-де, біздің университеттің PhD-докторантурасында жалғастырып жатыр.
2023 жылы "8D061 – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" ("6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу", "8D06105 – математикалық және компьютерлік модельдеу") кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңес ашылды
Қазіргі уақытта кафедра студеттерге келесі мамандықтар бойынша дайындық жүргізуде
бакалавр (6В06105 математикалық және компьютерлік модельдеу),
магистратура (7М06105 математикалық және компьютерлік модельдеу),
докторантура (8D076105 математикалық және компьютерлік модельдеу)
Кафедра жыл сайын бірінші курсқа:60-тан астам бакалавр,10-ға жуық Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойыншы магистр,10-шықты магистр,3 докторант қабылдайды.
Кафедра студенттері заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін жасау және қолдау, компьютерлік жүйелерді басқару бойынша іргелі білім беру және кәсіби дағдыларды алады. Оқу бағдарламасы математикалық және компьютерлік модельдеу саласындағы мамандарды даярлаудың халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Кафедраның қазіргі оқу үрдісін 3 профессор, 11 доцент, 6 аға оқытушы, 1 оқытушы жүзеге асырады. Олардың ішінде Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы грантының иегерлері және «Еңбек ардагері» төсбелгісі иегері:
Адамов Абилмажин Алирахимович, техника ғылымдарының докторы, профессор «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» – 2008, 2019 жыл
Нуртазина Карлыгаш Бегахметовна, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» – 2011 және 2022 жылдар, «Еңбек ардагері» - 2023.
Есмаханова Куралай Ратбаевна, физика-математика ғылымдарының кандидаты «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» – 2016 жыл
Муканова Балгайша Гафуровна, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» – 2016 жыл
Аканова Кульшат Мажитовна, физика-математика ғылымдарының кандидаты «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» – 2013 жыл
Нугманова Гулгасыл Нукербаевна, физика-математика ғылымдарының кандидаты «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» – 2017 жыл
Шалабаева Бакыт Саламатовна, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» – 2018 жыл
Алимхан Қилан, PhD, Жапониядан шақырылған профессор, Л.Н.Гумилев медалі - 2023
КАФЕДРА ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕП
2020-2021 оқу жылындағы математикалық және компьютерлік модельдеу
