
Ғылыми жұмыс
МКМ кафедрасында профессор-оқытушылар құрамы апта сайын оқу жылы ішінде білім алушылар арасында ғылыми-практикалық семинар өткізеді, семинарда оқытушылар білім алушыларды өздерінің ғылыми бағыттарымен таныстырады, онда студенттер мен магистранттар тақырыптар мен ғылыми бағыттарды таңдай алады.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін Япониядан шақырылған МКМ кафедрасының профессоры Әлімхан Қилан "Лев Гумилев" алтын медалімен марапатталды
2023 ж. наурыз айының 31 күні сағат 16:00 де 205 аудиторияда «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының доценті Букенов Махат Мухамедиұлының 70 жас мерей тойына арналған ғылыми –практикалық «Тұтқыр серпімділік теориясының сандық алгоритмдері және қолданылуы» тақырыбында семинар өтті



"Математиканың заманауи проблемалары" атты ғылыми семинарлар Математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасының доценті Нұртазина Қарлығаш Бегахметовнаның ұйымдастыруымен жүйелі түрде жүргізіледі: дүйсенбі, 11:00-14:00 аудитория 209, №3 (ЦИСИ). Қатысу процесінде студенттер ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысу және байқаулар мен конференцияларға қатысу тәжірибесін алады.
Нәтижелері келесі жетістіктерде көрсетілген: Бешеев Дәулет – 1-ші дәрежелі диплом ҚФ ММУ, "Ломоносов-2017" атты XIII жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы; Тұраров Жомарт – 1-ші дәрежелі диплом ҚФ ММУ, "Ломоносов-2017" атты XIII жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы; Каримова К., Бейсенова Д., Бисимбаев Р. – ҚФ ММУ, "Ломоносов-2017" атты XIII жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы - Грамота; Рахметова Жұлдыз – ЕҰУ конференциясында қатысқаны үшін грамота - сәуір, 2017; Бешеев. Д. Тұраров. Ж. – ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру бойынша "4290-Басқару және идентификациялау проблемалар" ғылыми жобаға қатысқан; Тлеубаев Дамир – Erasmus+ бағдарламасы, резервке енгізілген; Каркенова Динара, Кеімқұл Аяжан –іріктеуден сәтті өтіп, МКҰ-2018 Мәскеуде 29 қаңтар – 3 ақпан 2018 аралығында, Мәскеу (Дубна) өткен конференцияда ғылыми баяндама жасады.
Кезекті семинар Бельгиядан келген профессор, PhD, техника ғылымдарының докторы Питер Аррастың қатысуымен 3.05.2018ж. өтті. Семинарда Нуртазина К. Б. "4-ші өнеркәсіптік революция жағдайында жадылы теңдеулердің жаңа қолдануы" атты баяндама жасады. Нәтижесінде, графтардағы жадылы теңдеулер арқылы моделденетін тұтқырсозымды материалдарды қолданудың заманауи мәселелерін талқылай отыра қызықты пікірталас орын алды.

Республикалық ғылыми-практикалық конференция
«Математикалық және компьютерлік модельдеудің заманауи мәселелері Қазақстанның цифрлы индустриясының дамуы жағдайында»
3-5 мамыр 2018 жыл, Астана, Қазақстан
2020 жылдың 17 қыркүйегінде "Қашықтықтан оқытудың әртүрлі түрлері мен жағдайларын мониторингілеу" әдістемелік семинарында кафедра воркшоптар, виртуалды сессиялар, семинарлар, университет факультеттерінде ҚОТ қолданумен мастер-класстар түрінде "қашықтықтан білім беру: жаһандық ауқымдағы жаңа сын-қатерлер" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференцияда ф-м. ғ. к., доцент Абдрашева г. К. баяндама жасады
КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Кафедраның 2019 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының есебі
Кафедраның 2020 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының есебі
Кафедраның 2021 жылға арналған ғылыми - зерттеу жұмысының есебі
Кафедраның 2022 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының есебі
Кафедраның 2023 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының есебі
