
Материалдық-техникалық база

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы білікті мамандарды даярлау үшін қажетті материялды-техникалық құрылғылармен қамтылған. Кафедра университеттің 3-ші бөлігінің 2-ші қабатында орналасқан. Кафедра базасында барлық мамандықтар мен бағыттар бойынша оқу жоспарларын жүзеге асыру үшін тиісті материалдық-техникалық база құрылды. Дәрістер заманауи техникалық құралдармен, мультимедиялық проекторлармен жүргізіледі.

Тәжірибелік сабақтар демонстративік техника және оқу макеттерін қолданумен өтеді. Зертханалық сабақтар заманауи компьютерлермен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған арнайы аудиторияларда жүргізіледі. Компьютерлік аудиториялар Pentium(R) Dual-Core CPU процессорлары бар компьютерлермен жабдықталған. Жергілікті жәнежаһандық сервері бар Интернет жүйесі жұмыс жасайды. Барлық компьютерлер Интернетке кіру мүмкіндігі бар жергілікті желіге қосылған. Оқудың барлық кезеңінде әрбір студент заманауи компьютерлерге қол жеткізе алады, бұл бағдарламалау дағдыларын алуға және қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдермен (C++, C#, Python, Java, JavaScript, MatLab, 3Dmax т.б.) жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Кафедраның материялды-техникалық базасы студенттердің дипломдық жұмыстарын жасағанда, оқытушылардың және магистранттар мен PhD-докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылады. Оқу үрдісінде заманауи бағдарламалық жасақтама мен аппараттық құралдарды пайдалану білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Кафедраның материалдық-техникалық базасы тиісті пәндер бойынша зертханалық практиканың жоғары деңгейін ұстап тұруға және ғылыми зерттеулердің кең ауқымын жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқуға пайдалы алаң, материалдық-техникалық базаның болуы туралы мәліметтер
