
Практика және еңбекпен қамту
«Математикалық және компьютерлік моделдеу» кафедрасының «6B06105-, 7М06105-, 8D06105-Математикалық және компьютерлік моделдеу» және «6В05402 – Статистика» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушылары кәсіптік практиканы Астана қаласының келесі кәсіпорындары мен орталықтарында өтеді:
- РМК «Казгидромет», Астана қаласы
- IKCEICT ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша қазақ-үнді оқу орталығы, Астана қаласы
- «Кәсіпкер» ЖШС, Астана қаласы
- «KazAeroSpace» ЖШС, Астана қаласы
- «E-knot» ЖШС, Астана қаласы
- «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ, Астана қаласы
- «Q19» ЖШС, Астана қаласы
- «Maximus» ЖШС, Астана қаласы«AGZHAN» Ғылыми-білім беру отралығы, Астана қаласы
- «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» филиалы, Астана қаласы
- «NCЛогист» ЖШС, Астана қаласы
- «Bilim Land» ЖШС, Астана қаласы
- «BI Innovations» ЖШС, Астана қаласы
- «Bereket KZO» ЖШС, Астана қаласы
- «КАПИТАЛТЕЛЕКОМ» ЖШС, Астана қаласы
- «Юпитерді зерттеу орталығы» ЖШС, Астана қаласы
- «TEAMS – Technology, Education and Mathematical Science» ҚҚ, Астана қаласы
- «ARNA TECHNOLOGIES» ЖШС, Астана қаласы
- «Қазастан ғарыш сапары» ҰК» АҚ, Астана қаласы
- «Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» ЖШС, Астана қаласы
https://drive.google.com/drive/folders/1OywJoGpP07Q6hXkhFLwfNeHect5FWu7j
ЕСЕП
ИТ мамандықтары бойынша оқытушылар мен студенттердің өндіріс кәсіпорындарымен (жұмыс берушілермен) өткен кездесуінің нәтижелері бойынша
Кездесудің мақсаттары:
ИТ мамандықтары, соның ішінде қолданбалы математика және компьютерлік модельдеу бойынша университет түлектеріне жұмыспен, стажировкамен, өндірістік тәжірибемен қамтуды және қолданбалы ғылымды дамытуды қамтамасыз ету.
Осы мақсатта «Мансап және бизнес-серіктестік» бөлімінің өкілі Гүлнұр Смағұлованың жетекшілігімен елдің ең ірі 10-нан астам IT-жұмыс берушісі, ондаған нақты кейстер және жүздеген талантты студент Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне шақырылды.
Кездесуге сала көшбасшылары қатысты: КМГинженеринг, АтырауТехИнвест, ERG, EPAM Systems-ADNOC, «НИИТ» ЖАҚ, PROPER SOLUTIONS, Транстелеком, DevTops және басқалары.
Компания өкілдері болашақ мамандардың әлеуетін жеке бағалады, және іс-шара Қазақстанның жетекші IT-компанияларының өкілдері қойған қолданбалы есептерді студенттер шешкен практикалық алаңға айналды.
Нәтижелер:
- Статистика 35 тобының студенті Сымбат Байділда жұмысқа ресми шақыру алды.
- ЕҰУ-дың екі студенті тәжірибеге алдын ала шақырылды.
- ҚазАТЗУ-дың алты студенті стажировкаға шақырылды.
- Келесі ұйымдармен білім беру және ғылыми бағыттар бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар алынды:
4.1. ОТК КТЖ Ақпараттық технологиялар департаменті (өкілі Н.Өтенов)
4.2. «ҰТ «КТЖ» АК Бас есептеу орталығы (өкілі Д.Сәнкібаев)
4.3. КМГинженеринг (өкілі Базарбеков Талғатбек)
4.4. АтырауТехИнвест (өкілі Сейлханов Махмұд)
4.5. «НИИТ» ЖАҚ (өкілі Исламбек Жүсіпов)
4.6. ERP жүйелер (өкілі Дәулетхан Еділ)
4.7. Транстелеком (өкілі Ержан Маханов)
Өндірістің түйіні және тілектері
Келесі пәндерді оқуға назар аудару ұсынылды:
-Заманауи IT құрылымдардың сәулеті, оның ішінде IoT (жабдықтар, желілер т.б.)
-Linux, android және т.б. операциялық жүйелер
-Заманауи талаптарға қолданылатын компьютерлік модельдеу, АЖ жобалау
-Практикалық есептерге қолданылатын заманауи бағдарламалау тәсілдері (full stack, ERP жүйелер, ЖС кітапханалары т.б.)
-Өндірішілермен келісілген, заманауи қолданбалы тақырыптар бойынша дайын жобалардың болуы
Жұмыс жоспарлары
- Кәсіпорындармен меморандум және шарттар жасасу
- Жұмыс бағыттарын анықтау үшін жұмыс берушілермен жұмыс тобын құру
- Жол картасын әзірлеу
"AppStream" ЖШС өндірістік практикадан өткендігі туралы пікір
8D06105 - «Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс докторанттардың педагогикалық практикасы 02.09.2024 – 09.11.2024 жыл аралығында, ал олардың зерттеу практикасы 13.01.2025 -22.03.2025 жыл аралығында және қыстық қабылдау 8D06105 - «Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс докторанттарының 02.09.2024 – 09.11.2024 жыл аралығында зерттеу практикасы өтеді.
https://drive.google.com/drive/folders/1jisOt2p52xNtqY_yipfaG-u-NIdxKej2
7М06105 - «Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасы бойынша, магистранттардың педагогикалық практикасы 02.09.2024–07.12.2024 жыл аралығында, ал олардың зерттеу практикасы 13.01.2025 -03.05.2025 жыл аралығында өтеді.
https://drive.google.com/drive/folders/1jisOt2p52xNtqY_yipfaG-u-NIdxKej2
«Математикалық және компьютерлік моделдеу» кафедрасының «6B06105-«Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасы бойынша 4-курс студенттерінің өндірістік практикасы 13.01.2025 – 22.02.2025 жыл аралығында, ал олардың дипломалды практикасы 03.03.2025 -13.04.2025 жыл аралығында өтеді.
https://drive.google.com/drive/folders/1jisOt2p52xNtqY_yipfaG-u-NIdxKej2
Практикалар жайлы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы көруге болады.
https://drive.google.com/drive/folders/1jisOt2p52xNtqY_yipfaG-u-NIdxKej2
«Математикалық және компьютерлік моделдеу» кафедрасының филиалдары:
- «Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» ЖШС, Астана қаласы
- «TEAMS – Technology, Education and Mathematical Science» ҚҚ, Астана қаласы
- «Servis engineering group» ЖШС, Астана қаласы
https://drive.google.com/drive/folders/1rkDLwGwXkoum3Gms-1DDOclFeEb32yrc
2021-2022 оқу жылы түлектері туралы мәлімет
Бакалавриат
Барлығы 74 адам. 56 (76%) түлек жұмыспен қамтылған, 18 (24%) ресми жұмыс істемейді.
Магистратура
Барлығы 12 адам, барлығы жұмыспен қамтамасыз етілген
Докторантура
Барлығы 3 адам, барлығы жұмыспен қамтамасыз етілген
«Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының 1-курс студенттері 2020 жылдың 25 мамыры мен 13 маусымаралығында оқу практикасынан өтуде. Оқу практикасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан MS Teams платформасы арқылы жүргізілуде. Практика өту барысында студенттер алгоритмдеу, C++ программалау тілімен, оның арнайы жұмыс істеу символдарымен, операторларымен және функцияларын оқып біліп, әртүрлі есептерді шығаруды, программасын жазуды үйренуде. Оқу практикасының тапсырмалары мен студенттердің күнделікті орындаған жұмыстары арнайы жетекші құрған GoogleDisk-те сақталынып отырады. Жетекші әрі Платонус жүйесімен де студенттердің күнделікті жұмыстарын қадағалап, жұмыстарын тексеріп бағалауда.
Биылғы 2020-2021 оқу жылы педагогикалық практика математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығының 2- курс магистранттары үшін 01.09.2020 - 13.12.2020 аралығында өтеді. Магистранттардың педагогикалық практикасы MS Teams платформасы арқылы жүргізілуде. Педагогикалық практикасының тапсырмалары мен ммагистранттардың күнделікті орындаған жұмыстары арнайы жетекші құрған GoogleDisk-те сақталынып отырады. Жетекші әрі Платонус жүйесімен де студенттердің күнделікті жұмыстарын қадағалап, жұмыстарын тексеріп бағалауда.
Математикалық және компьютерлік модельдеу 8D06105 мамандығы бойынша 2 курс докторанттары үшін 2020-2021 оқу жылына арналған педагогикалық практика 09.01.2020 мен 13.10.2020 аралығында өтеді. Тәжірибе ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан жүргізіледі. Оқу практикасы мен магистранттардың күнделікті есептері тәжірибе жетекшісі жасаған GoogleDisk-те сақталады. Тәжірибе жетекшісі Аканова К.М. сонымен қатар Platonus AIS жүйесін қолданып студенттердің күнделікті жұмысын бақылайды және бағалайды.
Математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасының «5B070500- Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығының 4 курс студенттері 2020 жылдың 28 қыркүйек – 24 қазан аралығында қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып өндірістік практикадан өтті. 2019-2020 оқу жылында академиялық күнтізбеге сәйкес 2020 жылдың 25 мамыр және 06 маусым аралығында өтуге тиісті өндірістік практика COVID-19 сақтану карантиніне байланысты 2020-2021 оқу жылының күзгі семестріне ауыстырылған болатын.
Практика базалары болып табылатын келесі компаниялар мен орталықтар кәсіптік өндірістік практиканы қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып өтуге жағдай жасады:
- Астана қ., «Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» ЖШС;
- Астана қ., «ГЦКП «Кәсіпкер» ЖШС;
- Астана қ., «UАК-КAZАКНSTAN» ЖШС;
Студенттердің есептік құжаттары мен мен жетекшінің есебі Google Disk-те сақталынған.
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 7М0630 – «Компьтерлік моделдеу және ақпаратты қорғаудың әдістері» мамандығының 2-курс магистанттары педагогикалық практикасы 01.09.2020-13.12.2020 жылы және зерттеу практикасы 04.01.2021 - 27.03.2021 жылы аралығында өтті. Студенттердің есептік құжаттары мен мен жетекшінің есебі Google Disk-те сақталынған.
Математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасында 2021- 2022 оқу жылында «5B070500-Математикалық және компьютерлік моделдеу», «7М06105-, 8D06105- Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандықтары бойынша оқитын білім алушылары практикаларды келесі уақыттарда өтеді:
- Педагогикалық практика 2-курстың «8D06105- Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығының докторанттарында 01.09.-06.11.2021 жылы аралығында;
- Педагогикалық практика 2-курстың «7М06105- Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығының магистранттарында 01.09.-04.12.2021 жылы аралығында;
- Өндірістік практика 4-курстың «5В070500 - Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығының білім алушыларында 03.01.-12.02.2022 жылы аралығында;
- Диплом алды практика 4-курстың «5В070500 - Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығының білім алушыларында 13.02.-05.05.2022 жылы аралығында;
- Зерттеу практика 2-курстың «8D06105- Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығының докторанттарында 31.01.-09.04.2022 жылы аралығында;
- Педагогикалық практика 2-курстың «7М06105- Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығының магистранттарында 03.01.-26.03.2022 жылы аралығында болады.
Практикалар жайлы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы көруге болады.
30.01.2023 – 08.04.2023 ж аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Математикалық және компьютерлік моделдеу» кафедрасының 2 курс докторанттары зерттеу тәжірибесінен өтті. Докторанттар диссертациялық жұмыстары бойынша зерттеу жасап, ғылыми нәтижелер алды. Тәжирибеден өту нәтижелері мен қорытындысы МКМ кафедрасының семинарында 10.04.2023 күні талқыланды
Практикалар жайлы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы көруге болады.
БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР
(Шығарылым - 2017). Кипрдегі киберқауіпсіздік көмекші менеджері (Каспийдің киберқауіпсіздік менеджері)
Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша бітірген. Компаниядан шақыру алғаннан кейін, ол осы қыркүйектен бастап Цюрихтегі Google кеңсесінде әзірлеуші бағдарламашы болып жұмыс істейді.
(Шығарылым - 2022ж.). "Даму Орталығы" Назарбаев орталығын дамыту дирекциясы, STEAM оқытушысы, FabLab & vrlab басшысы.Ансар AR/VR әзірлеу және 3D модельдеу мектебінде Tech Orda 2022 грантын жеңіп алды! 6 ай big Dream зертханасында тегін оқу, Дубайда тағылымдамадан өту
(2022 жылғы шығарылым) Ішкі әкімшілендіру департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының сарапшысы. ҚР Ұлттық экономика министрлігі
МКМ кафедрасының түлегі, Бельгия астанасы Брюссель IT-компаниясының ірі Деректерді өңдеу (Big Data), Машиналық оқыту (Machine Learning) бойынша жетекші маманы
Жұмыс берушілер мен түлектердің пікірлері және алғыс хаттары
