
Механика кафедрасы 2006 жылғы 13 қазанда университет ректорының №315 бұйрығы бойынша құрылды, ол бакалавриат "6В05403 - Механика - қолданбалы математика", "6В05405 - Ұшатын аппараттардың ұшу динамикасы және қозғалысын басқару" және магистратура "7М05403 - Механика - қолданбалы математика" білім беру бағдарламалар бойынша кадрлар дайындауды жүзеге асырады.
Кафедрада 10 адам жұмыс жасайды. Оның 1 - физика-математика ғылымдарының докторы, 4 - PhD, 1 - физика-математика ғылымдарының кандидаты, 4 - техника ғылымдарының кандидаты. Ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесі 100%.
Кафедра меңгерушісі: Қалиев Әділбек Бекболатұлы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
"Механика" кафедрасы жаратылыстану ғылымдары бойынша мамандарды дайындайтын кафедра. Кафедра оқытушылары механика-математика, көлік-энергетика, ақпараттық технология және сәулет-құрылыс факультеттерінде міндетті және элективті пәндерді жүргізеді.
