
Практика және еңбек пен қамту

«Механика» мамандығын өздеріне таңдап алған талапты жастарға кәсіптік бағадар беру және жұмысқа орналасу мәселелері – кафедрадағы негізгі міндеттердің бірі. Өмірлік тәжірибелері мол, көпті көрген ғалым-оқытушылар бітіруші бакалавр және магистрант түлектерге әрдайым ақыл-кеңестерін айтып, жұмыс орнын таңдауда жол көрсетіп отырады. Былтырғы түлектеріміз «Строй Магистраль Сервис ЛТД» ЖШС, «ЖБИ Строй Комплект» ЖШС, «Kazakh Web Services» ЖШС, «Invest City» ЖШС және «Казтелерадио» «Технический центр национальная сеть телевещания» АҚ секілді іргелі мекемелерде өз мамандықтарына сай орын тапса, біразы ұстаздық қызметтерге бет бұрып физика, математика пәндерінен сабақ беруде.
«Табысқа апарар жол» жұмыс берушілер форумы мен Астана жастары ұйымдастырған жәрмеңкеге тек түлектер ғана емес, 3-курс студенттері де қатысып, көп салалы механика мамандығына салиқалы таңдау жасап жүр. Студенттермен еңбек жолының бар баспалдағынан өткен ардагерлермен кездесу сағаттары өтіп отырады.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат
2020-2023 жылдары "Механика" мамандығы бойынша студенттерді жұмысқа орналастыру.
|
Түлектер |
Бітірушілер саны |
Магистр |
Мемл ұйымдар (ҰАО, ЖШС) |
ЖК |
Фин-экон ұйым |
Проект ұйым |
ЖОО, колледж |
Білім беру ұйымы, мектеп |
Екінші білім алу |
декрет |
|
2019/2020 |
13+5+15=33 |
6 |
19 |
2 |
- |
3 |
2 |
1 |
- |
- |
|
2020/2021 |
13+5+15=33 |
4 |
18 |
5 |
- |
2 |
1 |
3 |
- |
- |
|
2021/2022 |
14+6+18=38 |
5 |
19 |
6 |
1 |
1 |
- |
1 |
2 |
3 |
|
2022/2023 |
12 (-1) |
11 |
4 |
4 |
- |
1 |
1 |
1 |
|
|
