
Жетістіктер
2020 жылғы 19-ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында «Bilim-orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында «Білімнің салтанат құруы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның негізгі бағыты - Елбасының «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты бағдарламалық мақаласын насихаттап, оны ғалым-педагогтардың ғылыми және оқу-тәрбие жұмыстарында іске асыруы. Орталық «Қазақстанның құрметті профессоры», «Білім саласының құрметті педагогы», «Жылдың үздік ұстазы» номинациялары бойынша марапаттау жасап, шын мәнісінде ғалымдарға шынайы мереке жасады.
Механика кафедрасының доценті Баянды Оспанұлы Бостанов білім және ғылым саласына қосқан айырықша еңбегі үшін «Қазақстанның құрметті профессоры» атты төсбелгісін омырауына тақты. Құрметті сый иегеріне толағай табыс, шығармашылық шабыт, зор денсаулық тілейміз!
>«Почетный профессор Казахстана», желаем ему трудовых и творческих успехов!

27 мен 29 наурыз 2019 жыл аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 5В060300-Механика мамандығы бойынша студенттер арасында X Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Осы олимпиадада механика және математика факультетінің студенттері Калимуллиева Дина (Мех-21), Бердібек Ардақ (Мех-21), Елеусизов Мухаммед (Мех-21), және ғылыми жетекшісі болып «Механика» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Курманова Динара Есентаевна қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша үшінші курс студенті Калимуллиева Дина ІII орынды иеленді. Калимуллиева Динаны жеңісімен құттықтаймыз, жоғары белестерден көрінуін тілейміз!!!


«Архимедтің» алтыны – қанжығада
Мәскеуде жыл сайынғы халықаралық «Архимед – 2018» көрме – байқауы өтті. Ол ресми түрде Өнертабыстар мен инновациялық технологиялар салоны деп аталады. Байқау аясында жүзеге асатын жобалардың 80 % өнеркәсіпте қолданысқа ие.
Бұл жолы Архимед салоны 250-ге жуық мекеме, 700-ден аса экспонат, ресейлік 55 аймақ пен 25 түрлі елден келген қтатысушылардың басын біріктірді. Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – өнертапқыштық, патентті-лицензиялық әрі инновациялық әрекеттерді жандандырып, зияткерлік қызметтер нарығын дамыту.
Байқауда авторлар өз жұмыстарын көрнекі үлгіде немесе сынамалы қондырғылар түрінде таныстырады. Қабылданған барлық экспонаттар комиссия іріктеуінен өтіп, тиісті бағасын алады.
Елімізде өзіндік беделі мен айрықша орны қалыптасқан білім ордасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білікті мамандары да бұл шарадан қалыс қалмады. Механика-математика факултетінің оқытушылары т.ғ.д., профессор Сайранбек Ахметов, т.ғ.к., доцент Баянды Бостанов және т.ғ.к., доцент Дана Мухамбеталина мұнай-газ саласы бойынша әзірленген жобаларын байқауға ұсынған болатын. Көп кешікпей көрші елден жағымды хабар да келіп жетті. Халықаралық әділқазылардың шешімі бойынша ұсынылған жобамыз мұнай өнімдерін өңдеу саласындағы өнертабыс ретінде алтын медальға лайық деп танылған. Ұсынылған экспонаттың толық атауы «Мұнай өндіруге арналған құрылғылардың энергия жіне материал сақтау жиынтығы мен олардың құрылымын жетілдірудегі техникалық шешімдер». Жаңаша сипатқа ие бұл құрылғы тиімді жолмен мқнай өндіруге бағытталған.
«Архимед» салонының классификаторына сәйкес экспонат Мұнай мен газ өндіруге арналған машиналар мен құрылғылар класына жатқызылды.
«Ғылым мен технология басты назарда болған бүгінгі заманда Архимед салоны алдыңғы қатарлы көрме аланыңа айналды. Байқау аясында жаңа дарындар мен олардың озыұ жобалары көпшілікке таныстырылып келеді және адамзат игіліне айналуда» , - дейді Баянды Оспанұлы.
Аталмыш шараның арқасында қатысушыларға улкен мүмкіндіктердің ашылатыны айқын. Себебі, өнерт апқыштар үшін өз туындыларына қажетті инвестиция тартып, әрі қарай тиімді жүзеге асыруға жол ашылады.
Бөркімізді аспанға лақтырып, шын қуантқан кезекті жеңіс осындай сипатқа ие. Білім мен ғылымның қайнар көзі болған оқытушыларымыз қашан да бізге үлгі болмақ. Айқын бағдар беріп, бәсекелес көп білім тұңғиығында қолдау көрсетер пофессорларымыздың еңбегі жемусті болғай! Әлі талай белесті бірлесіп бағындыраарымыз анық!

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Х Республикалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша "Механика" кафедрасының студенті Ислямов Ильяс Талғатұлы Білім және ғылым министрінен III дәрежелі дипломмен марапатталды.

29 мен 30 наурыз 2018 жыл аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 5В060300-Механика мамандығы бойынша студенттер арасында X Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Осы олимпиадада механика және математика факультетінің студенттері Ислямов Ильяс (Мех-32), Санакбеков Алишер (Мех-21), Бекболатов Санжар (Мех-21), Толеген Уласбек (Мех-21) және ғылыми жетекшісі болып «Механика» кафедрасының профессор м.а., Ph.D. Қасабеков Махмут Ильясович қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша үшінші курс студенті Ислямов Ильяс ІII орынды иеленді. Ислямов Ильясты жеңісімен құттықтаймыз, жоғары белестерден көрінуін тілейміз!!!


