
Факультет М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетімен, Ресей Ғылым академиясының В.А.Стеклов атындағы Математика институтымен; Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен; Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімінің Математика институтымен (Новосибирск, Ресей); Новосибирск мемлекеттік университетімен; Массачусетск технология университетімен (АҚШ); Макс Планк институтымен (Бонн, Германия); Лион-1 университетімен (Лион, Франция); Манитоб университетімен (Виннипег, Канада); Кардифф университетімен (Англия); Сан-Пауло университетімен (Бразилия); Гонконг университетімен (Гонконг); Милан университетімен (Милан, Италия); Докторлардың Король Академиясымен (Барселона, Испания); Математикалық модельдеудің халықаралық қауымдастығымен (AMSE, Париж, Франция); Чехия ҒылымАкадемиясымен (Прага, Чехия) және Лулео университетімен (Швеция) әріптестік қарым-қатынас қалыптастырды.
Ph.D докторанттарын бірлесіп дайындау
- М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті (профессорлар А.А.Шкаликов., М.И.Дьяченко);
- Лулео Технология Университеті (Швеция, профессор Ларс-Ерик Персон);
- Падуя Университеті (Италия, профессор Массимо Ланца де Кристофорис);
- Математикалық Зерттеулер Орталығы (Испания, профессор С.Ю.Тихонов);
- Измир Университеті (Түркия, профессорлар Айдын Трояки, Алемдар Хасаноглы);
- Ресейдің Халықтар Достығы университеті (Ресей, профессорлар В.И.Степанов, М.И.Гольдман);
- Быдгош университеті (Польша, профессор В.А.Скворцов);
- Берлин Еркін Университеті (Германия профессор Г.Бегер);
- Фридрих Шиллер Университеті (Йена, Германия профессор Ханс Юрген Шмайссер);
- Оңтүстік Каролина Университеті (АҚШ, профессорлар В.Н.Темляков, К.И.Осколков);
- Уейн мемлекеттік Университеті (Детройт, АҚШ, профессор Л.Макар-Лиманов).
- Сциньзян Университеті (Қытай, профессор Турдыбек Бекжан );
- Баку Мемлекеттік Университеті және Қолданбалы Математика Институты (Баку, Әзірбайжан, Алиев Фикрет)
- Ферат Университеті (Түркия, Пенахов Етибар)
2008 жылдан бері халықаралық ынтымақтастық негізінде PhD бағдарламасы бойынша магистірлер мен докторанттардың диссертацияларын қорғау шет елдің жоғары оқу орындарында орындалады: Берлин Еркін Университеті (Германия профессор Г.Бегер); Лулео Технология Университеті (Швеция, профессор Ларс-Ерик Персон); Падуя Университеті (Италия, профессор Массимо Ланца де Кристофорис). Диссертацияны қорғағаннан кейін шет елдің дипломдарын алады. 2008 жылдан бері 8 магистрант, 14 PhD докторант жоғарыда аталған жоғары оқу орындарында диссертацияларын қорғады.
