
Факультеттің халықаралық жұмысы
Халықаралық қатынас
Факультет М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетімен, Ресей Ғылым академиясының В.А.Стеклов атындағы Математика институтымен; Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен; Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімінің Математика институтымен (Новосибирск, Ресей); Новосибирск мемлекеттік университетімен; Массачусетск технология университетімен (АҚШ); Макс Планк институтымен (Бонн, Германия); Лион-1 университетімен (Лион, Франция); Манитоб университетімен (Виннипег, Канада); Кардифф университетімен (Англия); Сан-Пауло университетімен (Бразилия); Гонконг университетімен (Гонконг); Милан университетімен (Милан, Италия); Докторлардың Король Академиясымен (Барселона, Испания); Математикалық модельдеудің халықаралық қауымдастығымен (AMSE, Париж, Франция); Чехия ҒылымАкадемиясымен (Прага, Чехия) және Лулео университетімен (Швеция) әріптестік қарым-қатынас қалыптастырды.
Ph.D докторанттарын бірлесіп дайындау
• М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті (профессорлар А.А.Шкаликов., М.И.Дьяченко);
• Лулео Технология Университеті (Швеция, профессор Ларс-Ерик Персон);
• Падуя Университеті (Италия, профессор Массимо Ланца де Кристофорис);
• Математикалық Зерттеулер Орталығы (Испания, профессор С.Ю.Тихонов);
• Измир Университеті (Түркия, профессорлар Айдын Трояки, Алемдар Хасаноглы);
• Ресейдің Халықтар Достығы университеті (Ресей, профессорлар В.И.Степанов, М.И.Гольдман);
• Быдгош университеті (Польша, профессор В.А.Скворцов);
• Берлин Еркін Университеті (Германия профессор Г.Бегер);
• Фридрих Шиллер Университеті (Йена, Германия профессор Ханс Юрген Шмайссер);
• Оңтүстік Каролина Университеті (АҚШ, профессорлар В.Н.Темляков, К.И.Осколков);
• Уейн мемлекеттік Университеті (Детройт, АҚШ, профессор Л.Макар-Лиманов).
• Сциньзян Университеті (Қытай, профессор Турдыбек Бекжан );
• Баку Мемлекеттік Университеті және Қолданбалы Математика Институты (Баку, Әзірбайжан, Алиев Фикрет)
• Ферат Университеті (Түркия, Пенахов Етибар)
2008 жылдан бері халықаралық ынтымақтастық негізінде PhD бағдарламасы бойынша магистірлер мен докторанттардың диссертацияларын қорғау шет елдің жоғары оқу орындарында орындалады: Берлин Еркін Университеті (Германия профессор Г.Бегер); Лулео Технология Университеті (Швеция, профессор Ларс-Ерик Персон); Падуя Университеті (Италия, профессор Массимо Ланца де Кристофорис). Диссертацияны қорғағаннан кейін шет елдің дипломдарын алады. 2008 жылдан бері 8 магистрант, 14 PhD докторант жоғарыда аталған жоғары оқу орындарында диссертацияларын қорғады.
