
Екінші ақпараттық хат 11-14 маусым 2026

Екінші ақпараттық хат
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ сізді физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бокаев Нұржан Әділханұлының 70 жылдығына арналған «Функционалдық кеңістіктердегі интегралдық операторлар және гармониялық анализ» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырады. Конференция 2026 жылғы 11–14 маусым аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетінде өтеді (Астана, Қазақстан).
ҚҰРМЕТТІ КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ!
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өтеді:
СЕКЦИЯ 1. Функциялар теориясы және функционалдық анализ.
СЕКЦИЯ 2. Дифференциалдық теңдеулер және олардың қолданылуы.
СЕКЦИЯ 3. Ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және машиналық оқыту.
СЕКЦИЯ 4. Алгебра және математикалық логика.
МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР:
2026 жылғы 10 мамырға дейін — алдын ала тіркелу және баяндамалар тезистерін қабылдау;
15 мамырға дейін — баяндамаларды конференция бағдарламасына енгізуді растау;
11 маусым — келу күні;
12 маусым — конференцияның ашылуы, пленарлық және секциялық баяндамалар;
13 маусым — пленарлық және секциялық баяндамалар;
14 маусым — қайту күні.
Конференция бағдарламасына енгізілу үшін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына conf.astana.2026@yandex.kz келесі материалдарды электрондық түрде ұсыну қажет:
жариялау үшін тезис;
конференция қатысушысының және барлық тең авторлардың (бар болса) толтырылған тіркеу Google формасы. Тіркелу үшін қатысушылардан келесі Google форманы толтыру сұралады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfHjsMsn5Lxoo2Q-xn4T4XGoXbHOLdj_nTwTJue6FjlX-cwzg/viewform
Конференция материалдары электрондық түрде жинақ ретінде жарияланып, халықаралық ғылыми конференцияның ресми сайтында орналастырылады:
https://fmm.enu.kz/kz/page/about-us/science/international-scientific-conference-11-14-june-2026
Баяндамалар тезистері (көлемі 1-2 бет) конференция сайтында орналастырылған үлгіге сәйкес LaTeX форматында дайындалып, 2026 жылғы 10 мамырға дейін conf.astana.2026@yandex.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
Жариялауға арналған тезис мәтіні бір файл түрінде ұсынылады, файл атауында бірінші автордың тегі және секция нөмірі көрсетілуі қажет. Мысалы, О.О.Омаров қатысушысы үшін файл атауы: Omarov1.tex болуы мүмкін. Тезистер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Бір автордан екіден артық тезис қабылданбайды.
Конференция бағдарламасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пленарлық, секциялық және постерлік баяндамаларды қамтиды. Конференция аралас (офлайн және онлайн) форматта бейнеконференция жүйесін пайдалану арқылы өткізіледі.
ҚОНАҚ ҮЙЛЕРГЕ ОРНАЛАСУ
Ұйымдастыру комитеті конференция қатысушыларынан тұру орнын алдын ала өз бетінше брондауды сұрайды. Конференция өткізу кезеңінде қатысушыларды орналастыру үшін келесі қонақ үйлер ұсынылады:
«Султан Бейбарыс» қонақ үйі - www.sultanbeibarys.com
• «Nomad» қонақ үй кешені — https://nomadhotel.2gis.biz/
• «Торғай» қонақ үйі - http://torgai.kz/
• «Тенгри» қонақ үйі - http://www.tengrihotel.kz/
• «Орион» қонақ үйі - www.orionhotel.kz
ТІРКЕУ ЖАРНАСЫ
Ұйымдастыру жарнасы 20 000 теңгені (40 USD) құрайды.
Студенттер, магистранттар және докторанттар үшін – 10 000 теңге (20 USD).
Ұйымдастыру жарнасы тіркелу кезінде төленеді немесе төменде көрсетілген реквизиттер бойынша аударылады (төлем құжатын ұсыну қажет). Ұйымдастыру жарнасына конференция материалдарын дайындау және кофе-брейктерді ұйымдастыру кіреді.
Егер түбіртек қажет болмаса, ұйымдастыру жарнасын конференцияға тіркелу кезінде қолма-қол төлеуге болады.
Назар аударыңыз! Егер қатысушыларға қаржылық есеп үшін құжаттар қажет болса, онда ұйымдастыру жарнасын төменде көрсетілген реквизиттер бойынша төлеулерін сұраймыз.
ИП ASK «DAMU»
БИН 651013450427
ИИК KZ23601A871032133791
АО «Қазақстан Халық Банкі»
БИК HSBKKZKX,
КБе 19
Төлем мақсаты: ENU-2026 математика конференциясына қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы Тегі Аты Әкесінің аты.
Назар аударыңыз! Ұйымдастыру жарнасын төлегеннен кейін төлемнің растамасын conf.astana.2026@yandex.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.
БАЙЛАНЫС ТҰЛҒАЛАРЫ:
Матин Даурен Тюлютаевич (ұйымдастыру комитетінің төрағасы), тел.: +77773699966,
Кенжебекова Гульмира Сагингановна (хатшы), тел.: +77017763541
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КОМИТЕТІ
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма төрағасы - Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Е.Б. Сыдықов (төраға), ф.-м.ғ.д., профессор Е.Д. Нұрсұлтанов (қосалқы төраға).
Шетелдік ғалымдар: ф.-м.ғ.д., профессор В.А. Скворцов (ММУ, Мәскеу), ф.-м.ғ.д., профессор В.И. Буренков (РУДН, Мәскеу, Ресей), профессор В. Зикель (Фридрих Шиллер атындағы университет, Йена, Германия), PhD А. Гогатишвили (Чехия Ғылым академиясының Математика институты, Прага), PhD, профессор Л.К. Массимо (Падуя университеті, Италия), PhD Ф. Тулоне (Палермо университеті, Италия), РҒА академигі И.А. Тайманов (ММУ, Мәскеу, Ресей), профессор М. Ружанский (UGent, Гент, Бельгия), РҒА корреспондент-мүшесі В.Д. Степанов (Мәскеу, Ресей), профессор С.В. Тихонов (Барселона, Испания), PhD Д. Занин (CSU, Қытай), Әзірбайжан ҰҒА академигі Ф. Алиев, Әзірбайжан ҰҒА корреспондент-мүшесі В. Гулиев, профессор Е. Панахов (Баку, Әзірбайжан), Өзбекстан ҰҒА академигі Ш.О. Алимов, Өзбекстан ҰҒА академигі А. Азамов, профессор Р.Р. Ашуров (Өзбекстан), Қырғызстан ҰҒА академигі А.А. Борубаев, профессор У. Гогинава (БАӘ университеті), профессор А. Аширалиев (Bahcesehir университеті, Стамбул, Түркия), профессор Ю. Зерен (Yildiz Technical University, Стамбул, Түркия).
Қазақстандық ғалымдар: ҚР ҰҒА академигі Б.Т. Жұмағұлов — Қазақстан математикалық қоғамының төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Н.К. Блиев, ҚР ҰҒА академигі А.С. Жұмаділдаев, ҚР ҰҒА академигі Т.Ш. Калменов, ҚР ҰҒА академигі М. Өтелбаев, ҚР ҰҒА академигі Р. Ойнаров, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі М.А. Садыбеков, ҚР ҰҒА академигі Д. Сұраған, ҚР ҰИА академигі Н.М. Темірбеков.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылым және коммерцияландыру жөніндегі Басқарма мүшесі - проректоры А.А. Талтенов (төраға), механика-математика факультетінің деканы, PhD Д.Х. Қозыбаев (қосалқы төраға), PhD, қауымдастырылған профессор Д.Т. Матин (қосалқы төраға).
ЕНУ ғалымдары: А.А. Адамов, Г.А. Акишев, М.Алдай, А.О. Байарыстан, К.А. Бекмаганбетов, Т.Бекжан, Н.А. Бокаев, М.М. Букенов, Н.Н. Джайчибеков, К.Т. Искаков, Л.К. Кусаинова, Б.С. Кошкарова, Е.Д. Нурсултанов, К.Н. Оспанов, А.М. Темирханова, Н.Т. Тлеуханова, Д.А. Тусупов, Х.М. Сагиндыков.
Басқа қалалардан келген ғалымдар: А.Т. Асанова, Д.Б. Базарханов, Х.Ж. Байшагиров, Т.О. Балыкбаев, М.А. Бектемесов, М.Т. Дженалиев, А.Р. Ешкеев, Б.Е. Кангужин, К.К. Кенжебаев, М.Т. Космакова, К.Т. Мынбаев, М.Б. Муратбеков, Н.Т. Орумбаева, М.И. Рамазанов, Ж.А. Сартабанов, А.М. Сарсенби, М.И. Тлеубергенов, А.О. Танин, Б.Х. Турметов.
Шетелдік ғалымдар: А.О. Абдувалиев (Ош, Қырғызстан), А.Алыбаев (Бішкек, Қырғызстан), З.Ю. Фазуллин (Уфа, Башқұртстан, Ресей).
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ КОМИТЕТІ
Ғылым жөніндегі декан орынбасары С.К. Бургумбаева (жергілікті комитеттің төрағасы), А.Д. Абсаматова, А.М. Абылаева, А.Н. Адилханов, Т.У. Аубакиров, Ж.Ж. Айткожа, Т.Б. Ахажанов, А.Н. Әбек, Д.Қ. Балтабай, С.Битимхан, Ж.Х. Жантлесов, З.Захир, А.Зулхажав, Д.С. Каратаева, Г.Ж. Каршыгина, Г.С. Кенжебекова, Н.К. Кузеубаева, Д.Т. Матин, Ж.Б. Муканов, М.А. Мухамбетжан, Ж.Р. Мырзакулова, Н.Ж. Наурызбаев, Б.Ж. Нурбеков, Б.С. Нуримов, М.Н. Оспанов, Ж.М. Өнербек, А.Т. Сыздыкова, М.Ж. Тургумбаев.
