

"Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ сіздерді физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Нұржан Әділханұлы Бокаевтың 70 жылдығына арналған «Функционалдық кеңістіктердегі интегралдық операторлар және гармоникалық анализ» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция 2026 жылдың 11-14 маусымы аралығында Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетінде өтеді.
