
Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында механика-математика факультетінің белсенді студенттерінің қатысуымен Елбасының 2018 Жолдауы талқыланды. Декан орынбасары А.С.Жұманбаеваның "Адами капитал" тармағына қатысты "Жастардың қазіргі келбеті мен болашаққа сенімі" баяндамасын жастар қызығушылықпен тыңдап белсенді қатысып, өз ойларын айтып отырды. Іс-шара соңында бірінші курс студенттерінің ерекше белсенділігі мен факультет шараларына қосқан үлестері үшін ата-аналарының атына алғыс хаттар табысталды.

