
Жоғары математика кафедрасының парақшасына қош келдіңіздер!

Жоғары математика кафедрасы 2009 жылдың ақпан айында механика – математика факультетінің кафедраларын қайта жасақтау нәтижесінде ұйымдастырылды.
Кафедрада 18 оқытушы жұмыс істейді. Олардың ішінде 1 педагогика ғылымдарының докторы, 7 физика-математика ғылымдарының кандидаттары, 1 техника ғылымдарының кандидаты, 5 PhD докторлары, 3 магистр және 1 маман жұмыс істейді. Олардың ішінде 4 «ЖОО үздік оқытушысы» бар. Жыл сайын оқытушылар біліктілікті көтеру курстарынан өтіп тұрады.
Кафедра меңгерушісі: Оспанов Мырзагали Наурызханович, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Жоғары математика кафедрасы сервистік кафедра болып табылады. Кафедра оқытушылары физика-техникалық, экономика, көлік-энергетикасы, сәулет-құрылыс, ақпараттық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары факультеттерінде «Жоғары математика», «Математика», «Математика 1», «Математика 2» пәндерін және басқа элективті пәндерін өткізеді.
Жоғары математика кафедрасының оқытушылары келесі дайярлау бағыттары бойынша сабақ жүргізеді:
6В051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
6В061 Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
6В071 Инженерлік-техникалық жұмыс
6В073 Сәулет және құрылыс
6B015 Жаратылыстану пәндерінен мұғалімдерді даярлау
6В031 Әлеуметтік ғылымдар
6В052 Қоршаған орта
6В053 Физикалық және химиялық ғылымдар
6В062 Телекоммуникациялар
6В075 Стандарттау, сертификаттау және метрология
6В113 Көлік қызметі
6B05088 Пәнаралық бағдарламалар
6В041 Бизнес және басқару
