
Ғылыми жұмыс
Ғылыми зерттеу жұмыстары білім беру қызметімен қатар Іргелі математика кафедрасының негізгі қызметі және білім беру бағдарламаларын іске асырудағы оқу процесінің міндетті элементі болып табылады.
Кафедраның негізгі міндеттері: математиканың қазіргі заманғы мәселелерін зерттеу, инновациялық қызметті жүзеге асыру, оқытудағы соңғы ғылыми жетістіктер мен технологияларды пайдалану, студенттерді кәсіби даярлау деңгейін арттыру, педагогикалық кадрларды даярлау, оқу үрдісінде және практикада ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жүзеге асыру.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын заманауи математиканың өзекті мәселелері бойынша оқулықтар, оқу құралдары мен монографиялар, ғылыми мақалалар және басқа да басылымдар шығарады.
Кафедраның ғылыми жұмыстарына студенттер мен магистранттар көптеп тартылады. Бұл үшін кафедрада университет жадындағы ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байданыстар бар:
- «Еуразия математикалық институты»
Жетекшісі - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, проф. Р.Онаров.
http://www.enu.kz/ru/nauka/nauchno-issled-podr/nii-evraziyskiy-matematicheskiy-institut/
- «Теориялық математика және ғылыми есеп беру институты»
Жетекшісі - профессор, ф.м.ғ.д. Н.Темірғалиев.
http://www.enu.kz/ru/nauka/nauchno-issled-podr/nii-teoreticheskoy-matematiki-i-nauchnyh-vychisleniy/
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми бағыттары:
1) Шекаралық есептердің жалпы теориясы.
2) Газ және гидродинамика теңдеулерінің қатаң шешілу мәселесін зерттеу, математикалық физика теңдеулерін шешудің жуықтау әдістерін және алгебралық теңдеулер жүйесін, теориялық физикадағы математикалық мәселелерді зерттеу.
3) Сингулярлы сызықты және сызықты емес дифференциалдық теңдеулердің және дербес туындылы теңдеулердің шешілу қабілеті, олардың шешімдерінің тегіс және аппроксимативтік қасиеттері, операторлардың спектральдік қасиеттері.
4) Әртүрлі функционалдық кеңістіктердегі бөлшек дифференциадау типті операторларының қасиеттерін зерттеу (әртүрлі аналитикалық мәселелерде, әсіресе қолданбалы математикада бөлшектік дифференциалдау операторы маңызды рөл атқарады).
5) Ендіру теориясы, дифференциалдық теңдеулер теориясы мен есептеу математикасында маңызды «аралық» операторлардың салмақты аддитивті және мультипликативті бағалауларын зерттеу.
6) Айнымалы коэффициентті дифференциалдық операторлардың спектральдік қасиеттері. Соболев салмақты кеңістіктері үшін интерполяциялық есептер. Екі салмақты Харди операторларын аппроксимациялау мәселелері.
7) Интерполяция теориясы, функционалдық кеңістіктердің жуықтау теориясы.
8) Мультипликативті ортогоналды Фурье қатарлары
9) Үзіліссіз және дискретті математиканың органикалық бірлігі зерттеу бағыттары мәнмәтінінде.
10) Үлестірім бағалауларының ықтималдық-статистикалық зерттеулері.
Кафедраның семинарлары:
Кафедра ҚР ҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор Р.Ойдаров, ф.-м. ғ. д., профессор Қ.Н. Оспанов және ф.-м. ғ. д., профессор Е.Е. Нұрсұлтанов «Функционалдық талдау және оның қолданылулары» атты апта сайынғы ғылыми семинар өткізеді. Бұл жерде кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары мен қонақтар қазіргі заманның актуалды тақырыптары бойынша баяндамалар жасайды.
Маңызды ғылыми нәтижелер
Никольский және Ремез теңсіздіктеріндегі дәл константалар есебі шешілді. Гильберт түрлендірулеріндегі глобальдық және локальдік қасиеттері зерттелді.
Лебег және Лоренц кеңістіктеріндегі көбейткіштер зерттелді. Жеткілікті шарттар алынды, алынған нәтижелердің дәлдігі көрсетілді.
Функционалдардың тензорлық көбейтіндісі жаңа тұжырымдамасы анықталды және тригонометриялық Фурье коэффициенттері негізіндегі функциялар кластарының әртүрлі нұсқалары ұсынылды. Сандық интегралдау есептерінде олардың діл емес және дәл мәлімет бойынша қолданыстары көрсетілді. Бұрын белгілі және жаңа әр түрлі функциялар кластарында қателіктердің дәл реттері табылды.
Әртүрлі функциялар кластары үшін Смоляк квадратуралық формулалардың интегралдың дәл мәнінен ауытқуының дәл реттері алынды.
Смоляк квадратуралық формулалары арқылы Фурье коэффициенттерін есептеудің дәл реттері алынды және оларды функцияларды қалпына келтіруге қолданылулары берілді.
Студенттердің 2020 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Магистранттардың 2020 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Докторанттардың 2020 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Профессорлар мен оқытушылар құрамының 2020 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысы.
