
Материалдық-техникалық база
«Іргелі математика» кафедрасы білікті мамандарды даярлау үшін қажетті материалдық-техникалық қамтамасыздандыруға ие. Кафедра университеттің №3 ғимаратында үшінші қабатта орналасқан. Барлық мамандықтар мен бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін кафедра негізінде тиісті материалдық база құрылды. Тәжірибелік сабақтар демонстрациялау техникаларын, оқыту модельдерін қолдану арқылы өткізіледі. Зертханалық сабақтар заманауи бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған арнайы кабинеттерде өткізіледі. Компьютерлік сыныптар Pentium (R) Dual-Core CPU класы бар компьютерлермен жабдықталған. Жергілікті желілік сервер және ғаламдық Интернет-сервер бар. Әрбір білім алушының бүкіл оқу кезеңінде ең заманауи компьютерлерге қол жетімділігі бар, бұл бағдарламалау дағдыларын алуға және заманауи бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кафедраның материалдық-техникалық базасы студенттердің дипломдық жобаларын, магистранттардың және PhD-докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда қолданылады. Оқу үрдісінде заманауи бағдарламалық-аппараттық жүйелерді қолдану білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Кафедраның материалдық-техникалық базасы тиісті пәндер бойынша зертханалық практиканы жеткілікті жоғары деңгейде жүргізуге және көптеген ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін етіп жасалған.
