
Білім беру бағдарламалары
6B05401 – Математика
Бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламасы
Бағдарламаның сипаттамасы:
Білім беру бағдарламасы жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша математиктерді даярлау сапасын қамтамасыз етуге және ғылым, экономика мен білім беру салаларындағы жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыруға бағытталған.
Бағдарлама коды мен атауы: 6B05401 – «Математика»
Бағдарламаның мақсаты: Кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы математика салалары бойынша негізгі білімдері мен практикалық дағдылары бар бакалаврларды даярлау.
Берілетін дәреже: Жаратылыстану бакалавры
Маманның лауазымдарының тізімі:
- Кіші ғылыми қызметкер
- Математик-аналитик
- Актуарий
- Математика пәнінің оқытушысы
Кәсіби қызмет салалары:
- Іргелі математика
- Қолданбалы математика
- Актуарлық математика
- Математикалық білім
Кәсіби қызмет объектілері:
- Ғылыми-зерттеу ұйымдары
- Сақтандыру компаниялары
- Қаржылық құрылымдар
- Білім беру ұйымдары
Білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогтары:
| 2025–2026 | Жүктеу (PDF) | Жүктеу (PDF) |
| 2024–2025 | Жүктеу (PDF) | Жүктеу (PDF) |
| 2023–2024 | Жүктеу (PDF) | Жүктеу (PDF) |
| 2022–2023 | Жүктеу (PDF) | Жүктеу (PDF) |
| 2021–2022 | Жүктеу (PDF) | Жүктеу (PDF) |
Қосымша құжаттар:
7M05401 – Математика
Магистратура деңгейіндегі білім беру бағдарламасы
Бағдарламаның сипаттамасы:
Бағдарлама ғылым мен білім беру салаларында математик-магистрлерді даярлауға бағытталған. Магистранттар теориялық және қолданбалы математиканың заманауи әдістерін меңгереді, ғылыми зерттеулер жүргізіп, нәтижелерін жариялай алады, әрі жоғары оқу орындарында сабақ беруге қабілетті болады.
Бағдарлама коды мен атауы:
7M05401 – «Математика»
Бағдарламаның мақсаты:
Жоғары кәсіби деңгейдегі ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, ғылыми жобалар жүргізу, аналитикалық ойлау және заманауи математикалық әдістерді меңгеру.
Берілетін дәреже:
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Маманның лауазымдарының тізімі:
- Ғылыми қызметкер
- Математик-зерттеуші
- Аналитик (қаржы, сақтандыру, IT салаларында)
- Жоғары оқу орнының оқытушысы
Кәсіби қызмет салалары:
- Ғылыми-зерттеу және аналитика
- Математикалық модельдеу
- Жоғары білім беру жүйесі
- Қолданбалы және теориялық математика
Кәсіби қызмет объектілері:
- Ғылыми-зерттеу институттары
- Университеттер мен колледждер
- Сақтандыру және қаржы құрылымдары
- IT және технологиялық компаниялар
Білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогтары:
| 2025–2026 оқу ж. | Жүктеу (ББ) | Жүктеу (PDF) |
| 2024–2025 оқу ж. | Жүктеу (ББ), Жүктеу (ББа) | Жүктеу (PDF) |
| 2023–2024 оқу ж. | Жұктеу (ББ), Жүктеу (ББа) | Жүктеу (PDF) |
Қосымша құжаттар:
8D05401 – Математика
Докторантура деңгейіндегі білім беру бағдарламасы
Бағдарламаның сипаттамасы:
Бағдарлама математика саласындағы жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, халықаралық ғылыми басылымдарда мақалалар жариялайды және университеттерде сабақ беруге дайындалады.
Бағдарлама коды мен атауы:
8D05401 – «Математика»
Бағдарламаның мақсаты:
Заманауи ғылыми талаптарға сай, математика саласында тәуелсіз зерттеулер жүргізе алатын, инновациялық шешімдер ұсынатын және білім беру жүйесінде сабақ бере алатын PhD мамандарын даярлау.
Берілетін дәреже:
PhD философия докторы
Маманның лауазымдарының тізімі:
- Зерттеуші-ғалым
- PhD ғылыми қызметкер
- ЖОО оқытушысы
- Ғылыми жетекші, жобалар үйлестірушісі
Кәсіби қызмет салалары:
- Фундаменталды және қолданбалы математика
- Ғылыми-зерттеу және жоғары білім беру
- Аналитикалық және модельдеу орталықтары
Кәсіби қызмет объектілері:
- Ғылыми-зерттеу институттары
- Жоғары оқу орындары
- Халықаралық зерттеу жобалары
- Инновациялық білім беру орталықтары
Білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогтары:
| 2025–2026 оқу ж. | Жүктеу (PDF) | Жүктеу (PDF) |
| 2024–2025 оқу ж. | Жүктеу (PDF) | Жүктеу (PDF) |
| 2023–2024 оқу ж. | Жүктеу (PDF) | Жүктеу (PDF) |
| 2022–2023 оқу ж. | Жүктеу (PDF) | Жүктеу (PDF) |
