
Практика және еңбекпен қамту
Практика бағдарламалары
19.05.2025 жылы 6В06307 "Криптология" білім беру бағдарламасының 1-3 курс студенттерінің өндірістік- практикасынан өту бойынша практиканы ұйымдастыру конференциясы өтті. Практика 19 мамыр 07 маусым аралығында өтеді. Конференцияға «Криптология» кафедрасы жетекшісі Танирбергеноа А.Ж., практика жетекшілері Ануарбеков А. Жанарбекұлы А., өндіріс орындарынан жетекшілер Д. Жетписбаев, А. Еркін, карьера және бизнес –әріптестік бөлімі сарапшысы Килибаева У.К. қатысты. 2-3 курс студенттері үшін конференция онлайн форматта, ал 1 курс студентері үшін офлайн форматта өтті. 1 курс студенттері оқу практикасын кафедра базасында өтеді. 2-3 курс студенттері өз мамандықтарына сәйкес мекемелер мен ұйымдарда өтеді.Конференцияда практиканың негізгі мақсаттары мен міндеттері, есептік құжаттарға қойылатын талаптар ұсынылды. Әрбір студентке жеке тапсырма берілді. Конференциясы барлық қатысушылар үшін сәтті және пайдалы болды.





