
Олимпиада
«Ақпаратты қорғаудың математикалық негіздері – Криптология» бойынша II қалалық олимпиада
2025 жылдың 22 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Криптология кафедрасының базасында Астана қаласы мен қала маңындағы мектептердің 10-11 сынып оқушылары үшін қалалық олимпиада өтті. Криптология кафедрасы мен ҚР ҰҚК қызметкерлерінің бірлесіп ұйымдастырған бұл іс-шара оқушылардың қызықты криптология әлемінде өз білімдері мен дағдыларын көрсету алаңына айналды.
Криптологиядан олимпиада оқушылардың ақпараттық қауіпсіздіктің осы іргелі саласына деген қызығушылықтарын оятып қана қоймай, сонымен қатар дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Біздің цифрлық әлемде криптологияның маңыздылығы артып келеді осыған орай олимпиада жас дарынды балалардың өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Олимпиадаға қаланың әртүрлі мектептерімен қала маңындағы мектепт оқушылары қатысты. Бұл криптолог-оқушылар өздерінің мектептерін танытып қана қоймай, сондай-ақ жұмбақтарды, шифрларды және математикалық алгоритмдерді шешуге деген құштарлығын көрсетті.
Олимпиада жеңімпаздары:
I орын.
1.Садырбек Мухаммадали Русланұлы - Астана қаласы әкімдігінің №60 мектеп-лицейі;
II орын.
1. Дәуренбек Әділжан Қанатұлы - № 82 "Дарын" мамандырылған лицейі;
2. Жумаш Арсен Мадиулы - № 82 "Дарын" мамандырылған лицейі;
III орын.
1. Дуйсенбай Артур - Астана қаласы әкімдігінің №60 мектеп-лицейі;
2. Қайратқызы Зере - Астана қаласының №73 мектеп-лицейі;
3. Ауталиев Бейбарыс Еркінбекұлы - "Қоянды ауылының мектеп-лицейі".
Олимпиаданың ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға олардың еңбекқорлығы мен криптологиядағы жоғары білімін бағалап, естелік сыйлықтар табыс етті. Мұндай іс-шаралар білім берудің беделін көтеріп, дарынды оқушыларды криптология мен онымен байланысты салаларды одан әрі оқуға ынталандыратыны сөзсіз.
Жүлделі орындарға ие болған олимпиада жеңімпаздары сыйлық сертификаттарымен марапатталып қана қоймай, сонымен қатар криптология саласындағы зерттеулерін жалғастыруға ынталандырылды. Бұл сертификаттар олардың осы қызықты саладағы әлеуетін мойындау мен қолдаудың символына айналды.
Криптологиядан олимпиада оқушыларға жарқын естеліктер қалдырып қана қоймай, көптеген жас оқушыларды шабыттандырады деп сенеміз. Бұл іс-шара криптология саласындағы білімді дамытудың маңыздылығын атап өтті және цифрлық әлемде қауіпсіздікті зерттеушілердің жаңа буынын ынталандырды. Зерделі жастар үшін криптологияның қызықты әлеміне есік ашатын осындай іс-шаралар жалғасын тауып, ары қарай дамиды деген сенімдеміз.
«Ақпаратты қорғаудың математикалық негіздері – Криптология» II Республикалық пәндік олимпиада
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2026 жылдың 17-19 сәуір күндері «B058-Ақпараттық қауіпсіздік», «B158-Криптология» білім беру бағдарламалар бағыты бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ақпаратты қорғаудың математикалық негіздері және криптология» II Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Ұйымдастырған бұл іс-шараға келген ҚР жоғары оқу орындарының студенттерінің қызықты криптология әлемінде өз білімдері мен дағдыларын көрсету алаңына айналды. Олимпиадаға ҚР жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Бұл криптолог-студенттер өздерінің жоғары оқу орындарының танытып қана қоймай, сондай-ақ жұмбақтарды, шифрларды және математикалық алгоритмдерді шешуге деген құштарлығын көрсетті.
Олимпиаданың ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға олардың еңбекқорлығы мен криптологиядағы жоғары білімін бағалап, естелік сыйлықтар табыс етті. Мұндай іс-шаралар білім берудің беделін көтеріп, дарынды студенттерді криптология мен онымен байланысты салаларды одан әрі оқуға ынталандыратыны сөзсіз.

Жүлделі орындарға ие болған олимпиада жеңімпаздары сыйлық сертификаттарымен марапатталып қана қоймай, сонымен қатар криптология саласындағы зерттеулерін жалғастыруға ынталандырылды. Бұл сертификаттар олардың осы қызықты саладағы әлеуетін мойындау мен қолдаудың символына айналды.

Криптологиядан олимпиада студенттерге жарқын естеліктер қалдырып қана қоймай, көптеген басқада студенттерді шабыттандырады деп сенеміз. Бұл іс-шара криптология саласындағы білімді дамытудың маңыздылығын атап өтті және цифрлық әлемде қауіпсіздікті зерттеушілердің жаңа буынын ынталандырды. Зерделі жастар үшін криптологияның қызықты әлеміне есік ашатын осындай іс-шаралар жалғасын тауып, ары қарай дамиды деген сенімдеміз.



