
Кәсіптік бағдар беру
Кәсіптік бағдар беру аясында қаңтар айында «БИНОМ» мектебі оқушыларымен кездесу өткізілді. Оқушылар Механика математика факультетінің оқыту бағдарламаларымен танысып, факультет және кафедра буклеттері таратылды. Соңында кафедраның аға оқытушысы А.Сарсекеев жоғары сынып оқушылары үшін ҰБТ ға дайындық аясында «Комбинаторика элементтері» тақырыбында дәріс оқыды.
Астана қаласының №30 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған математика апталығына кафедра мұғалімдері қатысып, оқушылармен кездесу ұйымдастырды. Кафедра оқытушысы А.Сарсекеев «Тригонометрия» тақырыбы бойынша болашақ мектеп түлектеріне дәріс оқыды.
Астана қаласының №38 мектебі факультет мұғалімдерімен кездесу ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған деуге болады. Наурыз айында мектепте өткен кездесуге кафедрадан доцент Ж.Дүйсенбина қатысты. Сондай-ақ оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған ақпараттық тақтаға кафедраның буклеттері қалдырылды
Кафедра мәжілісінде әзірленген және жарияланған кестеге сәйкес кәсіптік бағдар беру жұмысы Астана қаласы №52 және №72- мектептерде жүргізілді. Университеттің «Ашық есік күніне» бұл мектептерден 60 оқушы мен сынып жетекшілері келді.
Астаналық №89 мектеп жұмысна кафедра негізді түрде араласып жүр. Мұнда кафедраның 2-курс магистранттарының үшеуі және кафедраның аға оқытушысы А.Сарсекеев жұмыс атқарады. Бұл мектеп биыл университеттің практика базасына енгізілсе, келешекте кафедра филиалын ашу үшін құжаттар дайындалуда.
