
Кездесулер
73-мектептегі кездесу.
Астана қалалық №73 мектебінде Механика-математика факультетінің практиканттарының ұйымдастыруымен "Еуразия ұлттық университетімен" танысу іс шарасы өтті. Кездесуге "Алгебра және геометрия" кафедрасының оқытушылары қатысып, Университеттің және факультеттің тарихы жайлы әңгіме жүргізді. Оқушылармен сұхбаттасу математикалық викторина және "Жай сандар әлімі" атты математикалық шыйқаспен жалғасын тапты. Мектеп әкімшілігі практиканттардың жұмысын жақсы бағалап, кафедрамен байланыстарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
30-мектептегі кездесу, Математика апталығы.
2024 жылдың 13-ақпанында Астана қалалық №30 мектептегі «Математика апталығы» төңірегінде мектеп оқушыларының Алгебра және геометрия кафедрасы оқытушыларымен кездесуі өткізілді. Оқушылар кафедрадағы Білім беру бағдарламаларымен танысып, жоғары сынып оқушылары үшін ҰБТ мәселелері бойынша дәріс- сабақ ұййымдастырылды.
Кездесу соңындағы мастер-класс.
50-мектептегі кездесу
2024 жылдың 20-ақпанында Астана қалалық №50 мектептегі «Математика апталығы» төңірегінде мектеп оқушыларының Алгебра және геометрия кафедрасы оқытушылары және студент-практиканттардың ұйымдастыруымен кездесуі өткізілді.
