
КафедраларАлгебра және геометрия кафедрасы
Материалдық-техникалық база
Кафедраның қолданысында білікті мамандарды дайындауға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық материалдық-техникалық құралдары бар.
Оқу үрдісін ұйымдастыру үшін кафедраға «Математиканы оқыту әдістемесі» кабинеті бекітілді (№224 ауд.). Кабинет заманауи материалдық-техникалық базамен: интерактивті тақта, 3D проектор, компьютер, стендтер, графиктер, таблицалар мен арнайы құралдармен жабдықталған. Оқыту процесін жүргізу үшін кафедра мультимедиялық құралдарды кеңінен қолданады.
Сонымен қатар, кабинетте «Квант», «Математика в школе» журналдарының әр жылдардағы топтамалары, орта мектепте және жоғарғы оқу орындарында математикалық білім беруге қажетті оқу құралдар жинақталған.




