
Неге механика-математика факультеті?
Неге біздің факультет - сіздің таңдауыңыз?
МАТЕМАТИКА – бұл өте оңай, бізге келіп, көз жеткізіңіз!!!
Факультет халық шаруашылығы мен бизнестің әртүрлі салаларында табысты жұмыс істей алатын математика, механика, математикалық және компьютерлік модельдеу саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындайды; студенттерді оқыту үшін қолайлы жағдай жасайды, студенттердің, магистранттардың, Ph.D докторлардың шығармашылығы үшін, зияткерлік және өзін-өзі кемелдендіруі үшін мүмкіндіктер қалыптастырады. Көп деңгейлі білім беру бағдарламаларының портфелін жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулерді белсенді дамытатын жетекші ресейлік және шетелдік үлгілер факультет үшін нысана болып табылады.
Мемлекеттік органдардың, әртүрлі кәсіпорындар мен фирмалардың сапалы білімі бар мамандарға деген қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ студенттердің сапалы және талап етілетін білім алудағы олардың тілектерін қанағаттандыру мақсатында заманауи технологиялардың даму қарқынын бақылайтын икемді бағдарламалар бойынша білім беру қызметтерін ұсынудың ашық және айқын жүйесін құрады; ғылыми, педагогикалық және өндірістік салаларда одан әрі қызмет істеу мақсатында мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындар және фирмалармен байланысты дамытады.
Механика-математика факультеті – математикамен, механикамен, математикалық және компьютерлік модельдеумен айналысуды, әртүрлі салаларда заманауи компьютерлік әдістерді қолдануды арман санайтын жастар үшін ең ұтымды таңдау!
Біздің мамандықтарға оқуға келіңіздер, сонда ғана тек математика адам қызметінің барлық салаларындағы дерлік өзекті міндеттердің басым көпшілігін шешуге мүмкіндік беретініне көз жеткізесіз!
Математика – бұл үдерісті шынайы уақытта «көріп» қана қоймай, оның мінезін болжауға мүмкіндік беретін зерттеудің әмбебап құралы.
