
Ашық есік күндері
2019 ж. 11 ақпан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ механика-математика факультетінің ашық есік күні
Еліміздің үздік ұлттық университетінің біріне түскісі келетін абитуриенттерді және ата-аналарын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ механика-математика факультетінің ашық есік күніне шақырамыз.
Күні: 11 ақпан 2019 ж.
уақыты: 14:00-17:00
Адрес: Астана қ., Қажымұқан көш. 13
Қосымша сұрақтар үшін келесі телефонға хабарласыңыздар: 8 717 709500 (і.н. 33216)
2021 жылдың 11 қарашасында ЕҰУ ММФ-те "Ашық есік күні" өткізілді.
Іс-шараға дайындық шеңберінде 2021 жылдың 8-9 қарашаларында факультет кафедраларының кәсіби бағдар беруге жауапты оқытушылары – Сүлейменов Кенесары Машимұлы (Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы – МКМ), Тлеулесова Агила Балтабайқызы (Іргелі математика кафедрасы – ІМ), Сәрсекеев Абдрахман Сапарұлы (Алгебра және геометрия кафедрасы – АжГ), Кишауов Қали Сағынбекұлы (Механика кафедрасы – Мех), Бостанов Баянды Оспанұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы 9, 15, 35, 37, 38, 44, 48, 52, 54, 56, 64, 72, 73, 89 мектептеріне барып, профориентация жұмысын оффлайн режимде жүргізді. Әріптестеріміз математика, физика, информатика мұғалімдері және бітіруші сынып оқушыларымен кездесіп, ЕҰУ ММФ-тегі оқыту бағыттарымен таныстырып, ZOOM платформасында өткізуге жоспарланған онлайн конференцияға шақырды.
