
Ақпарат құралдары біз жайлы
Хабарландыру!
2023 жылдың 25 қараша күні сағат 09:00-12:00 аралығында студенттер арасында Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, Механика-математика факультеті мен ZERDELI ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен Мектеп математикасы пәнінен студенттер арасында олимпиада өтеді. Олимпиадаға В009-Математика мұғалімдерін даярлау ББ тобы бойынша оқитын 1-4 курс студенттері қатыса алады. Жеңімпаздар үшін демеушіміз (ZERDELI ақыл-ой дамыту орталығы) атынан жүлделер қарастырылған (жалпы жүлде қоры 400 000 тг.).
Өту орны ЕҰУ №3 ғимараты.
Қатысамын деушілер төмендегі сілтеме бойынша тіркелу қажет.
Тіркелудің аяқталуы 24.11.2023, 14:00.
Бүгін 21 қараша Астана қаласы 32 мектеп-гимназиясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне Астана қаласының 37, 38, 63 мектеп бітіруші сыныптардың білім алушылары да жетекші мұғалімдерімен келіп қатысты. Бірнеше мектепті қамтыған бұл іс-шарада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Механика-математика факультетінің Деканы Д.Х.Қозыбаев бастаған ПОҚ құрамынан Іргелі математика кафедрасының меңгерушісі М.Алдай, Механика кафедрасының меңгерушісі Ә.Б.Қалиев, Математика және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі Д.Ракишева, Алгебра және геометрия кафедрасының доценті Ә.С.Сарсекеев, Іргелі математика кафедрасының доценті А.,Б.Тілеулесова барды. Талапкерлер өз тарапынан сұрақтар қоып, өз сұрақтарына тұщымды жауаптар алды. Білім беру бағдарламалар тобымен таныстырып, мамандық таңдаудың қыр-сырымен бөлісті. ПОҚ құрамы әрбір білім алушының, һәм талапкердің сұрақтарына өз тарапында ашық, анық жауаптар берді. Сондай-ақ Механика-математика факуільтетінің студенттері Талапкерлермен өз оқу бағдарламалары туралы айтып, өз кезегінде өнерімен бөлісті. 1 курс студенттері Капасов Арсен өзінің авторлық өлеңін оқыса, Батыр Кемал, Төлтай Бейбарыстар күйден шашу шашты. Ашық есік күні 32 мектеп-гимназиясының жас мұғалімдерімен кездесумен жалғасын тапты. Өз кезегінде ғылыммен айналысқысы келетін мұғалімдерге кеңес берілді.
