
Факультет тарихы
Механика-математика факультеті 1962 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогика университеті (ЦПИ) құрылымында математика факультеті ретінде жұмыс істеді. 1996 жылы ЦПИ және Целиноград инженерлік-құрылыс институты базасы негізінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ашылғаннан кейін 2002 жылы математика және ақпараттық технологиялар факультеті (МАТФ) құрылған болатын. 2010 жылдың маусым айында МАТФ құрамынан Механика-математика факультеті бөлініп шықты.
Факультет құрамында 5 кафедра жұмыс істейді:
• Іргелі математика кафедрасы;
• Алгебра және геометрия кафедрасы;
• Жоғары математика кафедрасы;
• Механика кафедрасы;
• Математикалық және компьютерлік модельдеу.
Кафедрада үш деңгейлі жүйе бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылады:
бакалавриат:
• 5B060100 – Математика (жаратылыстану-ғылыми бағыт);
• 5B010900 – Математика (білім беру бағыты);
• 5B060300 – Механика;
• 5B070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу.
магистратура:
• 6M060100 – Математика;
• 6M010900 – Математика;
• 6M060300 – Механика;
• 6M070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу;
. 6M070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу (МИИДБ)
Ph.D докторантура:
• 6D060100 – Математика;
- 6M070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу.
Факультет өзінің жұмыс істеп тұрған барлық жылдарында білім және ғылымның әртүрлі салаларында білім деңгейі жоғары білікті мамандармен кадрлық қамтамасыз етуді өзінің стратегиялық мақсаты деп білді. Бұл стратегиялық мақсат алдағы уақытта да факультеттің қызметін айқындайтын болады.
Механика-математика факультеті оқыту мен ғылыми зерттеулерді факультетте қалыптасқан ғылыми мектептер қызметінің сол бір үдерісінің екі жағы деп санай отырып, жоғарыда аталған екі бірліктің қағидатын ұстанады.
Міндеті: қызметтің әртүрлі салаларында табысты жұмыс істей алатын математика, механика, математикалық және компьютерлік модельдеу саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды, жоғары білікті және іргелі дайындалған ғылыми қызметкерлерді, сарапшы-аналитиктерді, оқытушыларды, математика және механика саласындағы басқа да мамандарды даярлау.
Механика-математика факультетінің профессорлар-оқытушылар құрамы: оның ішінде 17 ғылым докторы мен профессоры, 69-дан астам ғылым кандидаты мен доценті және PhD философия докторы, ҚР ҰҒА-ның екі академигі (М.Өтелбаев, Р.Ойнаров), ҚР мемлекеттік сыйлығының екі лауреаты (М.Өтелбаев, У.У.Өмірбаев), Ғылым мен техниканы дамытуға көрнекті үлес қосқан ғалымдар мен мамандар үшін берілетін мемлекеттік ғылыми стипендияның төрт лауреаты (Р.Ойнаров, Е.Д.Нұрсұлтанов, Н.Темірғалиев., К.Н. Оспанов.), «Жоғары оқу орнының үздік оқытушы » 14 грант иегерлері, Ғылым саласындағы «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (А.М. Темирханова), жас ғалымдардың мемлекеттік стипендия иегері (Қ.Р. Есмаханова) бар.
