
Жетістіктер
Ерен еңбегі үшін
Факультет деканы Нұрболат Жұмабекұлы Жәйшібеков Тәуелсіз Қазақстанның білімі мен ғылымын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2012 жыл) марапатталған.
Америка математика қоғамының Мур сыйлығы
Америка математика қоғамы Мур сыйлығының лауреаты, алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Уалбай Өмірбаев факультет пен университеттің мақтанышы болып табылады. 2009 жылы профессор У.У.Өмірбаев атақты жапон математигі М.Нагата 40 жылдан астам уақыт көтеріп келген математиканың сұрақ туғызған мәселесін шешті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары
2007 жылы «Спектрлік теория және оның қолданылуы» (2007ж.) тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Мұқтарбай Өтелбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2009 жылы «Еркін алгебралардың автоморфизмдері мен ішкі алгебралары» жұмысы үшін профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Уалбай Өмірбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Соңғы жылдары факультеттің математик ғалымдарына ҚР Мемлекеттік сыйлықтарын беру факультеттегі ғылымның жоғары деңгейін және Қазақстан математика мектебінің халықаралық мәртебесін растайды.
2004 жылы профессор Н.Темірғалиев А.Байтурсынов атындағы «Қазіргі білім стандартына сай жаратылыстану бағытындағы жас ұрпаққа жазған оқулықтары» күміс алқамен марапатталды.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері
2005 жылдан бастап ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын беру үшін конкурс жариялайды.
Осы кезеңде факультеттің профессорлары мен доценттері «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» 14 грантының иегері атанды:
- 2005 жылы – М. Өтелбаев, Н.Темірғалиев,А.Б.Түнғатаров, К.Н.Оспанов, Н.А.Боқаев, Е.Д.Нұрсұлтанов
- 2006 жылы – У.У.Өмірбаев
- 2007 жылы –Н.Ж.Жәйшібеков, Р.Ойнаров, Е.С.Темірбеков
- 2010 жылы – М.Өтелбаев, Н.Темірғалиев, К.Н.Оспанов, Н.А.Боқаев, Е.Д.Нұрсұлтанов
- 2011 жылы – Б.Нұрбеков, К.Б.Нұртазина.
- 2013 жылы – К.М. Аканова
- 2014 жылы – Р.Ойнаров
- 2015 жылы – А.С. Искакова
- 2016 жылы – Б.Муканова, Қ.Р. Есмаханова
2014 жылы профессор Н.Темирғалиев Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына зор үлес қосқаны үшін «Құрмет» орденінің иегері болды.
2016 жылы Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі Ойнаров Р.О.
Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына зор үлес қосқаны үшін «Құрмет» орденінің иегері болды.
2016 жылы профессор Ойнаров Р.О. Қазақстан Республикасының ҰҒА корреспондент мүшесі болды.
2016 жылы профессор Е.Д. Нурсултанов «Top Springer Author ғылым және техника саласындағы тәуелсіз сыйлығының иегері» Springer Nature халықаралық баспа мен АҚ «Ғылыми-техникалық ақпараттар Ұлттық орталығы»-ның марапаттауымен ұсынылды.
2017 жылы профессор Н.Темірғалиев «Top Springer Author ғылым және техника саласындағы тәуелсіз сыйлығының иегері» Springer Nature халықаралық баспа мен АҚ «Ғылыми-техникалық ақпараттар Ұлттық орталығы»-ның марапаттауымен ұсынылды.
Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін факультет профессоры Е.Д.Нұрсұлтанов Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.
Ғылым саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік стипендиясының иегерлері
Факультет профессорлары Р.Ойнаров, Е.Д.Нұрсұлтанов, Н.Темірғалиев, Қ.Н. Оспанов әртүрлі жылдары ғылым саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік стипендиясының иегерлері атанды.
Факультетте тек Қазақстанда ғана емес ТМД елдерімен қатар шетелдерде белгілі бірнеше математика мектептері жұмыс істейді. Факультет жетекші математиктерінің ғылыми еңбектері математика әлемінде кеңінен танымал және математика ғылымын республикалық деңгеймен қатар халықаралық деңгейде де дамытуда қомақты үлес қосып келеді.
