
Ғылым декадасы аясында студенттерге арналған «Механикадағы моделдеудің заманауи әдістері: ANSYS Fluent» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды

8 сәуір күні Ғылым декадасы аясында студенттерге арналған «Механикадағы моделдеудің заманауи әдістері: ANSYS Fluent» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды.
Мастер-класс ұйымдастырушысы – Курманова Д.Е., аға оқытушы, Ph.D.
Аталған іс-шара барысында қатысушыларға инженерлік есептерді шешуде қолданылатын заманауи сандық модельдеу әдістері таныстырылды. Әсіресе, сұйықтар мен газдардың қозғалысын зерттеуге арналған бағдарламалық құралдарды қолдану жолдары практикалық түрде көрсетілді.
Мастер-класстың негізгі бөлігі ANSYS Fluent бағдарламасына арналды. Бұл – гидродинамика және жылуалмасу процестерін модельдеуге мүмкіндік беретін қуатты есептеуіш бағдарлама. ANSYS Fluent көмегімен ағындардың қозғалысын, турбуленттілікті, жылу берілуін және көпфазалы орталарды дәл модельдеуге болады.
Іс-шара барысында студенттер:
- инженерлік есептердің компьютерлік модельдерін құруды;
- есептеу торын (mesh) дайындау негіздерін;
- бастапқы және шекаралық шарттарды енгізуді;
- алынған нәтижелерді талдау мен визуализациялауды үйренді.
Мастер-класс студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, заманауи инженерлік бағдарламаларды меңгеруге және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қатысушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.
