![Loading...](/_nuxt/light-blue.e889c4fb.gif)
Болашақ математика мұғалімдеріне арналған олимпиада
![](https://smart.enu.kz/api/serve?path=/general/files/38882670-31b6-4a27-b9c0-cfd68540fb01.png)
Алгебра және геометрия кафедрасы және біздің құрметті демеушіміз ZERDELI ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе отырып, педагогикалық мамандықтарының студенттері арасында мектеп математикасынан олимпиада өткіздік. Оған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, AIU және Шәкәрім университеті студенттері қатысты. Бұл іс-шара біздің талантты студенттерімізге өздерінің математикалық қабілеттерін көрсетуге және жоғары деңгейде бәсекелесуге ерекше мүмкіндік болды. Жеңімпаздарға грамоталар мен демеушіміз атынан ақшалай сыйлықтар табысталды.
Нәтижелер:
Бас жүлде (грамота және ақшалай сыйлық 100 мың тг):
- Тәжібай Бекмахан Қосайұлы
Бірінші орын (грамота және ақшалай сыйлық 50 мың тг)::
- Теміршотова Назерке Мейрхатқызы
- Көшек Нұрсұлтан Нұржанұлы
- Қазахбай Саят
Екінші орын (грамота және ақшалай сыйлық 20 мың тг)::
- Тоқтасын Олжас Сейтқасымұлы
- Жакен Аннұр Ерланұлы
- Беркинбаев Бейбіт Жандосұлы
- Базарбай Бекарыс Жарболұлы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Сіздің еңбекқорлығыңыз бен математикадан жеткен жетістіктеріңіз өзге білім алушыларды шабыттандырады.