
Дарынды оқушылар мен дарынды балаларды қолдау үшін математикадан аймақтық пәндік олимпиада
"Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КЕАҚ Механика-математика факультеті 2024 жылдың 11 қаңтарында дарынды оқушылар мен дарынды балаларды қолдау мақсатында математикадан аймақтық пәндік олимпиада өткізді.
Олимпиадаға Астана қаласының түрлі мектептерінен 156 қатысушы қатысып, жеңімпаздар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Олимпиадаға қатысқысы келетін оқушылар сілтеме бойынша онлайн режимінде тіркелді.
Олимпиада сағат 14:30-да Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кәсіптік бағдар беру бөлімінің бастығы - қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Егеубаева Л. Б. құттықтау сөзімен басталды. Олимпиада 15:00-ден 18:00-ге дейін ЕҰУ-дің №3 ЦИСИ корпусында офлайн режимінде өтті.


Барлық жұмысты өкілді комиссия мүшелері қарады. Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша жүлделі орындар:
Ахпанбаева Назерке Ункаровна 1 орын
Кадирова Жанель Нұрболатқызы 2 орын
Жолдас Айжан Лесбекқызы 3 орын
Еран Ернат Рауанұлы 3 орын
Байзаев Рашит Азаматул 3 орын
