Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы өткізу туралы (ДҒЗЖ 2024 "Туризм" байқауы)
"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ - докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын өткізу жөніндегі биылғы базалық ЖОО болып табылатындығын және "Туризм" білім беру бағдарламасы бойынша ІІ кезеңге конкурстық құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Байқауға жұмыстар 2024 жылдың 13-мамырына дейін "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары докторанттарының жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдар" талаптарына сәйкес қабылданады.
Осыған байланысты, Z01C0Y0, Астана қ., Қажымұқан 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 607 каф, "Туризм" кафедрасы мекенжайы бойынша қағаз түрінде (ДҒЗЖ 2024 "Туризм" республикалық конкурсына белгісін қоя отырып) және электрондық тасымалдағышта tleubayeva_at@enu.kz поштасына белгіленген мерзімде үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынуды сұраймыз.