24 сәуірде ЕҰУ-де "Ядролық физика"ББ бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өтеді
2024 жылдың 24 сәуір күні сағат 10:00-да Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аясында 6В05305 – «Ядролық физика» оқу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орынының дарынды білім алатын студенттер арасында «Ядролық физика» пәні бойынша ХVI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II туры өткізіледі.
- Олимпиадаға ҚР ЖОО-ның «Ядролық физика» пәні бойынша іріктеу 1-кезеңінен өткен 2-4 курстың (қазақ, орыс бөлімінде) оқитын студенттері қатыса алады.
- 6В05305 – «Ядролық физика» оқу бағдарламасы бойынша студенттер арасында өтетін ХVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада жазбаша түрінде өткізіледі.
Олимпиаданың II кезеңіне қатысу үшін студенттерді ұсыну кезінде жоғары оқу орны Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-не келесі құжаттарды жібереді:
- олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хаты немесе ЖОО Ғылыми кеңесі шешімінің хаттамасы;
- ХVI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысуға өтінім (әр қатысушыға толтырылады).
ХVI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысу құжаттарын 2024 жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей электронды мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз. aisulunyg@yandex.ru
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (№3 ғимарат – ЦИСИ) ФТФ факультеті, «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» халықаралық.
Жұмыс телефоны: 8 (7172) 709500
Ішкі телефон: 33-319, е-mail: aisulunyg@yandex.ru
Олимпиада ұйымдастырушысы:
Ныгыманова Айсулу Серболовна, тел. 8 775 470 35 53
Қосымша
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілетін
ХVІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың
II турына қатысу
ӨТІНІМІ
«Ядролық физика» пәні бойынша
№ |
ЖОО атауы (толық, қысқартусыз), ресми мекен-жайы, телефоны, факсы,
|
Мамандығы, курс, қай тілде сұрақтарға жауап береді (қазақ, орыс)
|
Студенттің аты-жөні (толық, қысқартуларсыз), факультет, мамандығы, курс, байланыс телефоны; |
Ғылыми жетекшінің аты-жөні, лауазымы: байланыс телефоны, e-mail
|
1. |
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
(Өтінімді міндетті түрде мына нысанды толтырып 2024жылғы 20 сәуірге дейін aisulunyg@yandex.ru электронды поштаға жіберу қажет).